Израиль Иранға қарсы жалған кампания бастады
Ливан премьер-министрі Саад Харири сионистік режимнің ИИР-ға қарсы Ливанда зымыран жасайтын зауыт ашқаны туралы айып тағуын негізсіз деп атап: "Мұндай айыптаулар израильдіктердің Иранға қарсы жалған кампаниясының бір бөлігі саналады",- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саад Харири жұма күні Парижде франциялық Le Monde газетіне берген сұхбатында: "Израиль Ливанда ешқандай зымыран жасайтын зауыттың жоқ екендігін жақсы біледі",- деді.
Ливан премьер-министрі израильдіктердің жалған кампанияларды бастауды әдетке айналдырғанын айтып: "Сионистік режимнің лауазымды тұлғалары әрдайым осындай негізсіз жарнама жасайды.
Сионистік режимнің басшылары мұндай жарнамаларды жоспарлау арқылы аймақта соғыс пен қауіп-қатер жағдайын тудыруды көздеп отыр",- деді.