ДАИШ әл-Хавидже қаласында өз басшыларының бірін өлтірді
(last modified Tue, 05 Sep 2017 14:40:57 GMT )
Қыр 05, 2017 20:40 Asia/Almaty
  • ДАИШ әл-Хавидже қаласында өз басшыларының бірін өлтірді

Ирактың солтүстігінде орналасқан Киркук провинциясындағы әл-Хавидже қаласының жергілікті дереккөздері: «ДАИШ лаңкестері осы тәкфиршіл топтың басшыларының бірі Ибраһим әл-Әзизиді Әлхан ауылында Киркуктегі Пишмарге әскерилеріне берілу кезінде өлтірді»,-деп хабарлады.

Бұл дереккөздерінің хабарлауынша, ДАИШ басшыларының көбі, соның ішінде осы топ полициясының басшысы Махмуд Хамис әл-Фазлави мен қаржы жөніндегі басшысы Мұхаммед Айдан әл-Асафи әл-Хавиджеде «Пишмарге» әскери күштеріне берілді. Әл-Хавидже қаласы – ДАИШ-тың Киркук провинциясындағы соңғы әскери базасы.

 

 

Тегтер