Эр-Рияд ақпарат құралдарына Иранға шабуыл жасауға тыйым салды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i30484
Raialyoum трансаймақтық газеті дүйсенбі күні эр-Риядтың жоғары дәрежелі дереккөздеріне сілтеме жасап: «Сауд Арабиясының сот органы осы елдің газеттері мен телеарналарына ИИР-на шабуылдаудан аулақ болу туралы жарлық берді»,-деп жазды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 05, 2017 21:46 Asia/Almaty
  • Эр-Рияд ақпарат құралдарына Иранға шабуыл жасауға тыйым салды

Raialyoum трансаймақтық газеті дүйсенбі күні эр-Риядтың жоғары дәрежелі дереккөздеріне сілтеме жасап: «Сауд Арабиясының сот органы осы елдің газеттері мен телеарналарына ИИР-на шабуылдаудан аулақ болу туралы жарлық берді»,-деп жазды.

Raialyoum газетінің хабарлауы бойынша, бұл жарлық қажылық мәселесіне қатысты екіжақты түсіністіктен кейін екі ел арасын жақындастыру саясаты аясында жүзеге асырылуда.

Иран мен Сауд Арабиясы соңғы айларда қажылық мәселесіне қатысты екіжақты меморандумға қол қойды.

Ислам революциясы жетекшісінің қажылық пен зиярат істері жөніндегі өкілі Әли Қази Аскяр жуырда Иранның қажылық парызын өтеудің тоқтатылмауына талпыныс жасағанын айтып: "Қажылық және зиярат ұйымының басшысы Хамид Мұхаммади бастаған ирандық делегация Сауд Арабиясымен  бірнеше айқын, сындарлы да қисынды келіссөздер өткізіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді",-деді.

Сондай-ақ ақпарат құралдары дүйсенбі күні саудиялық бір делегацияның Арабстаның елшілігін көру үшін Теһранға сапармен келетінін, алдағы бірнеше айда Сауд Арабиясы елшілігінің Теһранда қайта ашылу мүмкіндігін  хабарлады.