ХАМАС Дума қалашығындағы сионистердің әрекетіне реакция білдірді
(last modified Mon, 21 Mar 2016 11:30:56 GMT )
Нау 21, 2016 17:30 Asia/Almaty
  • ХАМАС Дума қалашығындағы сионистердің әрекетіне реакция білдірді

ХАМАС Давабшенің жанұясын өртеу қылмысына куә болған адамның үйін өртеуді айыптады.

Палестинаның ақпарат тарату орталығының мәліметі бойынша, ХАМАС саяси бюросының мүшесі Эззат Рашақ жексенбі күні: «Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дума қалашығында Давабшенің жанұясын өртеу қылмысына куә болған адамның үйін өртеу сионистік қалашықта өмір сүретіндердің жантүршіктірерлік қылмысын жасыра алмайды»,- деді.

Эззат Рашақ Фейсбуктегі парақшасында халықаралық қоғамның осы іске қатысты үнсіздік танытуын сынап: «Сионистік режимнің басшылары палестиналықтарға қарсы қорқынышты қылмыстарды іске асырып жатыр, бірақ олар айыпталмайды»,- деп жазды.

Араб лигасы Дума қалашығындағы сионистердің қылмысын айыптады.

Сионистік қалашықтың әсірешілдері жексенбі күні сионистік режим әскерилерінің қолдауымен Ибрахим Мұхаммад Давабшенің жанұясын өртеу қылмысының жалғыз куәгерінің үйін өртеп жіберді.