ДАИШ басшылары АҚШ-тың көмегімен Сирияның Дейр оз-Зор қаласынан шығарылды
(last modified Fri, 08 Sep 2017 10:45:23 GMT )
Қыр 08, 2017 16:45 Asia/Almaty
  • ДАИШ басшылары АҚШ-тың көмегімен Сирияның Дейр оз-Зор қаласынан шығарылды

Бір әскери дереккөзі: «АҚШ-тың бір әскери тікұшағы өткен тамыз айында ДАИШ-тың 20 басшысын Дейр оз-Зор қаласынан алып кетті»,-деп хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, атының аталмауын сұраған осы әскери дереккөзі «Спутник» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Сирия армиясы Дейр оз-Зор қаласында сәтті амалдар атқарғаннан кейін АҚШ-тың бір әскери тікұшағы 2017 жылдың 26 тамызында ДАИШ-тың тегі еуропалық екі майдандық басшысын жанұя мүшелерімен бірге түнде Дейр оз-Зор қаласының солтүстік-батысындағы бір ауданнан алып кетті.

Екі күннен кейін, яғни 28 тамызда АҚШ-тың тікұшақтары ДАИШ-тың 18 майдандық басшысы мен соларға жақын содырларды Дейр оз-Зор қаласының оңтүстік-шығысындағы бір ауданнан Сирияның солтүстігіне тасымалдады»,-деді.

Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласын азат ету амалдары басталмас бұрын да америкалық әскерилер тікұшақ арқылы ДАИШ лаңкестік тобының бірнеше басшысын Мосулдың батыс бөлігінен шығарып, белгісіз жерге тасымалдаған болатын.

ДАИШ лаңкестік тобы кейбір араб және Батыс елдерінің, соның ішінде Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың толық қолдауына сүйеніп, Ирак пен Сирия  қалаларының көбінде тынышсыздық қалыптастырып отыр.