Масуд Барзани референдум туралы жанжалды ұстанымын қуаттады
(last modified Tue, 12 Sep 2017 07:44:08 GMT )
Қыр 12, 2017 13:44 Asia/Almaty
  • Масуд Барзани референдум туралы жанжалды ұстанымын қуаттады

Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзани аймақтың бөлінуі туралы референдумге қарсыластар толқынының күшеюімен тұспа-тұс Ирактың Күрдістан аймағы мен Киркук облысында референдум өтетінін қуаттады.

Ирактың ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ирактың Күрдістан аймағының басшысы дүйсенбі күні ВВС телеарнасына берген сұхбатында: «Күрдтер Киркук мухафазасын Ирактың Күрдістан аймағындағы бөліну туралы референдумға қосу үшін соғысқа қатысуға да дайын.

Киркук мухафазасындағы шындықты өзгерту үшін күшке жүгінетін кез келген топқа қатынас көрсетіледі. Егер Киркук халқы референдумда теріс жауап берсе, олардың қалауына құрметтеледі»,- деді. 

Дүйсенбі күні қарулы адамдар Масуд Барзани басқаратын Ирактың Күрдістан аймағының демократиялық партиясының Солеймание мухафазасындағы кеңсесіне  шабуыл жасады. alsumaria базасының мәліметіне сәйкес,    Солеймание облысының батысындағы Джамджамал қаласындағы хабардар дереккөздерінің бірі шабуылда кісі өлімінің болмағанын айтты.

 

 

Тегтер