Ирак Парламенті Күрдістан аймағында референдум өткізуге қарсы дауыс берді
(last modified Tue, 12 Sep 2017 15:17:33 GMT )
Қыр 12, 2017 21:17 Asia/Almaty
  • Ирак Парламенті Күрдістан аймағында референдум өткізуге қарсы дауыс берді

Ирак Парламентінің өкілдері осы елдің Күрдістан аймағында референдум өткізуге қарсы дауыс бергеннен кейін Ирактың Премьер-министрін бұл мәселені шешу үшін Күрдістан басшыларымен тікелей келіссөздер жүргізуге міндеттеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Al-Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ирак Парламентінің өкілдері сейсенбі күні елдің Премьер-министрі Хейдар әл-Абадиден Ирактың біртұтастығын сақтау үшін тиімді шара қолдануды өтінді.

Ирак Парламентіндегі күрд ұлтының өкілдері әріптестерінің Ирак Күрдістанында референдум өткізуге қарсы дауыс бергеніне наразылық білдіріп, жиналыс залынан шығып кетті.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани «әл-Уафақ» газетіне берген сұхбатында: "Ирак өз территориясын  тәкфиршіл лаңкестерден тазартуға жақын қалғанда Күрдістан аймағын Ирактан бөліп алу үшін референдум өткізу заңды күшке ие емес және аймақтың, соның ішінде Ирактың, әсіресе Күрдістанның қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізеді",-деді.

 

 

 

Тегтер