Қарсыласу қозғалысы теңгерімді мұсылмандардың мүддесіне өзгертеді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i30707
Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла мұхаррам айы қарсаңындағы діни уағызшылармен жыл сайынғы кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Сирияда қарсыласу қозғалысы жеңіске жетті. Қалғандары бытыраңқы қақтығыстар»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 13, 2017 14:07 Asia/Almaty
  • Қарсыласу қозғалысы теңгерімді мұсылмандардың мүддесіне өзгертеді

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла мұхаррам айы қарсаңындағы діни уағызшылармен жыл сайынғы кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Сирияда қарсыласу қозғалысы жеңіске жетті. Қалғандары бытыраңқы қақтығыстар»,- деді.

«Әл-Әлам» арнасының сейсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, Ливан Хизболласының Бас хатшысы: «Сирия оқиғасының басында Иранға барып, Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеимен кездестім. Сол кезде барша Сирия үкіметінің екі немесе үш айда құлайтындығына сенімді болды. Біз өз ойымызды ортаға салып: «Егер Дамаскте соғыспасақ, Хермел мен Баальбекте, Дахия мен әл-Ғазиеде, батыс Бекаа мен Ливанның оңтүстігінде соғысамыз дедік»,- деді.

Сейед Хасан Насролла ДАИШ лаңкестік тобы жобаларының сәтсіздікке ұшырағанына тоқталып: «Шығыста үлкен өзгерістер орын алуда. Олар барлық теңгерімді аймақ халықтарының мүддесіне өзгертеді»,- деп баса айтты.