Сирияның әскери күштері Дей эз-Зордағы әл-Бағилие ауылына енді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i30761
Сирия әскері мен одақтастарының күштері Дейр эз-Зордағы әл-Бағиле ауылына енді. Ондағы мақсат ауылды ДАИШ лаңкестік тобының мүшелерінен тазалау деп жарияланды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 14, 2017 17:40 Asia/Almaty
  • Сирияның әскери күштері Дей эз-Зордағы әл-Бағилие ауылына енді

Сирия әскері мен одақтастарының күштері Дейр эз-Зордағы әл-Бағиле ауылына енді. Ондағы мақсат ауылды ДАИШ лаңкестік тобының мүшелерінен тазалау деп жарияланды.

«Әл-Алам» агенттігінің бүгін, бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Сирия әскері мен одақтастарының күштері осы аймақтың шамамен 700 шаршы метрін лаңкестерден тазалаған соң әл-Бағиле ауылының ғимараттарының төбесіне Сирияның туын тікті.  

Сирия күштері 2017 жылдың қыркүйек айының бесі күні Дей эз-Зор қаласының қоршауын бұзып, қаланың әскери әуежайының бақылауын өз қолына алды.

Сонымен қатар Сирия әскері Хомс облысының шығысындағы операцияларының жалғасында келесі 9 ауылдан лаңкестерді шығарып, осы аймақты ДАИШ лаңкестерінен толық азат етуге жақындады.