Қыр 17, 2017 22:26 Asia/Almaty
  • Әл-Абади Эрбильге қатаң ескерту жасады

Ирак Премьер-министрі елдің Күрдістан аймағының басшыларына егер Күрдістан аймағының бөлінуіне қатысты референдум Иракта тынышсыздықтарға себеп болса, әскери араласу орын алынатыны туралы ескертті.

Хайдер әл-Абади Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумның заңсыз екенін қуаттап: «Ирактың Күрдістан аймағының басшыларының өртпен ойнамағаны жөн»,- деді. Ирактың Күрдістан аймағының кейбір партиялары маусымның 7 күні Масуд Барзанидің қатысуымен өткен отырыста қыркүйектің 25 күні Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумның өткізілуіне келісті. Бұл мәселеге үкімет, ирактық әртүрлі топтар мен аймақ пен әлем қарсылық білдірді. Ирак Парлементінің өкілдері де қыркүйектің 12 күні Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуіне қатысты референдумды заңсыз деп жариялап, оның өтуіне қарсылық білдірді. Алайда Масуд Барзани Ирак күрдтерінен референдумға қатысуды сұрады.

 

Тегтер