Насролла: Кез-келген дұшпанға, соның ішінде АҚШ-қа қарсы тұрамыз
Ливан Хизболласының Бас хатшысы мұхаррам айының бірінші жұлдызының кешінде өткен рәсімде: «Соғысқұмар емеспіз, бірақ егер шабуылмен кезіксек, дұшпан тіпті, АҚШ болса да, қарсы тұрамыз»,- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейед Хасан Насролла бейсенбі күні кешке Бейруттің оңтүстік аймағында имам Хусейн (ғ.с.)-дыа аза тұтушы жүздеген адамның қатысуымен өткен рәсімде: «Бізге қарсы тұратын ешбір адам бізді қорқыта алмайды. Біз кез келген дұшпанмен, тіпті ол АҚШ болса да бетпе-бет келуге дайынбыз. Шынайы күрескерлер – өздерінің діни міндеттерін ең жақсы түрде орындайтындар. Ливан Хизболласы солардың бірі»,- деп қуаттады.
Сейед Хасан Насролла мұхаррам айының аза күндерінің басталғанына тоқталып: «Имам Хусейн (ғ.с.)-ның Язидтің бағдарламаларына қарсы көтерілісі жеңіске жетті. Жеңістің себебі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның Исламының мәңгіліктігі болды»,- деді.