Ливан армиясы Израильдің қоқан-лоқыларына жауап беруге әзірлігін мәлімдеді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i31043-Ливан_армиясы_Израильдің_қоқан_лоқыларына_жауап_беруге_әзірлігін_мәлімдеді
Ливан армиясының қолбасшысы осы ел армиясының сионистік режимнің Ливанға қарсы кез-келген қоқан-лоққысымен бетпе-бет келуге әзір екендігін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 23, 2017 20:13 Asia/Almaty
  • Ливан армиясы Израильдің қоқан-лоқыларына жауап беруге әзірлігін мәлімдеді

Ливан армиясының қолбасшысы осы ел армиясының сионистік режимнің Ливанға қарсы кез-келген қоқан-лоққысымен бетпе-бет келуге әзір екендігін мәлімдеді.

Ливан армиясының қолбасшысы Джозеф Ааун елдің оңтүстік шекараларында орналасқан әскери бөлімшелерін аралап, израильдіктердің  Ливанға қарсы үздіксіз қоқан-лоққыларының елдің әскерін қорқыта алмайтынын, әскердің Ливан жері мен халқын қорғаудағы міндеттерін жалғастыратынын мәлімдеп: "Ливан армиясының лаңкестікпен соғыстағы "Фаджр әл-Джаруд" операциясындағы қол жеткізген жеңісі елде тұрақтылық орнатуға оң әсерін тигізді",-деді.