Қыр 24, 2017 10:21 Asia/Almaty
  • Әл-Абади: Референдум өткізу Ирактың Конституциясына қайшы

Ирак Премьер-министрі Хейдар Әл-Абади осы елдегі БҰҰ-ның арнайы өкілі Ян Кубишпен кездесуде Күрдістанның бөлінуі жөніндегі референдумның Ирактың Конституциясына қайшы келетінін тағы қуаттап:

Ирак Премьер-министрі Хейдар Әл-Абади осы кездесуде: "Ирактың қазіргі таңдағы басты бағдары – лаңкестікпен күресті жалғастырып, Ирак жерін толығымен азат ету",-деді. БҰҰ-ның Ирактағы арнайы өкілі Ян Кубиш те осы елдегі соңғы саяси өзгерістерге сілтеме жасап, қиындықтарды шешу үшін Эрбиль мен Бағдад арасындағы диалогтың қажеттігін қуаттады.

Ирак аймағының басшысы Масуд Барзанидің бұл аймақтың бөлінуі жөніндегі референдумы туралы сенбі күні таңертеңге белгіленген баспасөз конференциясы кейінге шегерілді.

Ирак үкіметі Масуд Барзаниге Күрдістан аймағында күрдтердің бөлінуі жөніндегі референдумның заңсыз екенін, сол себепті оны мүлдем өткізбеу керектігін сан рет ескертті.

 

Тегтер