Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Йемендегі құрбандар саны туралы жаңа статистика жариялады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i3106
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Арабстанның Йеменге басқыншылығынан құрбан болғандардың санын 6400 адам деп жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 23, 2016 19:06 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Йемендегі құрбандар саны туралы жаңа статистика жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Арабстанның Йеменге басқыншылығынан құрбан болғандардың санын 6400 адам деп жариялады.

Asharq Al-Awsat газетінің хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сейсенбі күні Арабстан бастаған Араб одағының Йеменге өткен бір жылдағы шабуылдары кезінде осы елде 6408 адамның қаза болып, 30 мыңнан астам адамның жараланғанын мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне сәйкес, бұл шабуылдарда Йеменнің емдеу орталықтарының 25 пайыздан астамы толығымен қиратылғандықтан жабылып қалған.

Осы есепте Йемендегі кейбір науқастардың дәрі-дәрмек тапшылығын көріп отырғаны, Йеменнің емдеу орталықтарының осы елдегі басқа құрылымдарға қарағанда бомбалау салдарынан көбірек қиратылғаны айтылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа статистикасы йемендік ақпарат көздері Арабстанның шабуылдары салдарынан осы елдің 8500 азаматының қаза болғанын мәлімдеген жағдайда жарияланып отыр.

Сонымен қатар өткен бір жылда 16 мыңнан астам адам жараланып, Йеменнің тұрғын үйлері мен өнеркәсіптік құрылымдарының 80 пайызы қиратылған.