Егер үлемдердің пәтуалары болмағанда, ДАИШ Сауд Арабиясы мен Кувейтті басып алатын еді
(last modified Sun, 24 Sep 2017 15:32:54 GMT )
Қыр 24, 2017 21:32 Asia/Almaty
  • Егер үлемдердің пәтуалары болмағанда, ДАИШ Сауд Арабиясы мен Кувейтті басып алатын еді

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Насролла: «Егер Ирак халқы танымал ғұламаларының пәтуаларын орындамағанда, ДАИШ лаңкестік тобы Кербала, Басра, Кувейт пен Сауд Арабиясын басып алатын еді»,- деді.

«Меһр» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейед Хасан Насролла жексенбі күні Бейруттің оңтүстік аумағында мұхаррам айының үшінші кешінің аза рәсіміне жиналған халықтың алдында видеоконференция арқылы сөйлеген сөзінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың ДАИШ лаңкестік тобын АҚШ-тың құрғанын мойындағанын айтып: «Егер Сирия, Ирак, Ливан және Иран халқы лаңкестікпен күрес жолында өз перзенттерін құрбан етпегенде, бүгінде барша құрбан болатын еді. Егер қарсыласу күштері Израильге қарсы тұрмағанда, бұл режим бүгін Ливанда сионистік қалашықтар салудың құрылысымен айналысатын еді» деді.

Сейед Хасан Насролла кейбір араб басшыларының БҰҰ Бас ассамблеясындағы сөздерін сынап: «Сол басшылар адамзатқа қарсы қоққан-лоққы саналатын сионистік режимнің ядролық қарулары туралы  еш нәрсе айтпады»,- деп баса айтты.