Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі жөніндегі референдум барысында алаяқтық пен айла-шарғылар жасалды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i31149-Күрдістан_аймағының_Ирактан_бөлінуі_жөніндегі_референдум_барысында_алаяқтық_пен_айла_шарғылар_жасалды
Аймақтық және халықаралық қарсылықтар аясындағы Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі жөніндегі референдум әртүрлі ақпарат құралдарында соның барысында алаяқтық пен айла-шарғылардың жасалғаны туралы мәліметтер жарияланған жағдайда өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 27, 2017 08:46 Asia/Almaty
  • Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі жөніндегі референдум барысында алаяқтық пен айла-шарғылар жасалды

Аймақтық және халықаралық қарсылықтар аясындағы Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі жөніндегі референдум әртүрлі ақпарат құралдарында соның барысында алаяқтық пен айла-шарғылардың жасалғаны туралы мәліметтер жарияланған жағдайда өтті.

Сейсенбі күнгі «Фарс» ақпарат агенттігінің Ирактың aljournal веб сайта сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі жөніндегі референдумға мыңдаған қайтыс болған адамдардың қатысуы мен аймақтағы азшылықтың дауыс беру үдерісіне мәжбірленуі күлкілі мәселелердің бірі  болды.

Хабардар дереккөздерінің айтуынша, Масуд Барзани Күрдістан аймағындағы басшылық кезеңі аяқталғандықтан, бөліну  референдумына арналған теріс дауысты оң дауысқа айналдыруға қабілетті арнайы бағдарлама сатып алған.

Күрд оппозиционерлері де Ирактың Күрдістан аймағының жергілікті мекемесінің референдумның нәтижелерін өзгертумен айналысатын испаниялық компанияның маманына тиесілі сайлау бағдарламасын сатып алу үшін 500 млн доллар төлегенін айтты.