Ирактың Күрдістан аймағы белгіленген уақыт аяқталғанға дейін Бағдад үкіметімен келіссөздерін бастайды
(last modified Thu, 28 Sep 2017 09:35:51 GMT )
Қыр 28, 2017 15:35 Asia/Almaty
  • Ирактың Күрдістан аймағы белгіленген уақыт аяқталғанға дейін Бағдад үкіметімен келіссөздерін бастайды

Ирактағы орталық үкімет осы елдің Күрдістан аймағындағы шекаралық бақылау пунктері мен әуежайлардың белгіленген уақыт ішінде үкіметке қайтарылу қажеттігі жайлы ескертуінен кейін осы аймақтың жергілікті басшылығы жиналыс өткізіп, белгіленген уақыт аяқталғанға дейін Бағдад үкіметімен келіссөз жүргізуге шешім қабылдады.

Ирактың Премьер-министрі Хайдер әл-Абади сейсенбі күні осы елдің Күрдістан аймағына әуежайлар мен шекаралық бақылау пунктерін орталық үкіметке өткізу үшін 72 сағат уақыт берді.

Әл-Абади Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы өткен референдумды ел Конституциясы мен халықаралық заңдарға қайшы деп атап, азаматтарды қоқан-лоққы жасап, қорқытып, сайлау учаскелеріне апарғандары туралы жайтқа сілтеме жасады.

Кеше, сәрсенбі күні Ирак Парламенті 13 баптан тұратын заң жобасын бекітті. Онда Ирак үкіметіне Күрдістан аймағын орталық биліктің қарамағына қайтару үшін барлық шешім жолдарын, соның ішінде әскери жолды пайдалануға рұқсат берілді.

 

Тегтер