Ирак үкіметінің баспасөз хатшысы: Күрдістан аймағымен референдум туралы ешқандай сұхбат жүргізбейміз
(last modified Thu, 28 Sep 2017 11:21:58 GMT )
Қыр 28, 2017 17:21 Asia/Almaty
  • Ирак үкіметінің баспасөз хатшысы: Күрдістан аймағымен референдум туралы ешқандай сұхбат жүргізбейміз

Ирак үкіметінің баспасөз хатшысы Бағдадтың осы елдің Күрдістан аймағы басшыларымен Ирактан бөліну туралы өткізген референдум бойынша ешбір сөзінің жоқ екенін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігінің бүгін, бейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Ирак Үкіметінің баспасөз хатшысы Саид ал-Хадиси AlHadath телеарнасына берген сұхбатта: «Ирак Үкіметі өзінің ұстанымынан ешқашан қайтпайды. Ирактың Күрдістан аймағы Орталық Үкіметтің бұйрықтарына берік болуы тиіс. Алайда референдум мен оның күшін жою бойынша кері шегіну мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда сұхбат үшін қолайлы кеңістік орнауы ықтимал. Ирактың Күрдістан аймағы – осы елдің ұлттық егемендігінің бір бөлігі. Бұл аймақтағы референдум үйлесімділіксіз және Конституцияның шеңберінен тыс өтті. Үкімет енді Ирактың Конституциясына сәйкес, Конституцияның Жоғарғы Сотының дауысы мен Парламенттің қаулылары негізінде Ирактың Күрдістан аймағына қатысты заңды шара қолданады» деді. 

 

Тегтер