Ердоған Моссадтың Ирактың Күрдістан аймағында өткен референдумды қолдаудағы рөлін баса айтты
Түркия президенті сионистік режимнің тыңшылық ұйымы Моссадтың Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы өткен референдумның қолдаушысы екенін айтты.
Иран Телерадио ұйымының бүгін бейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Режеп Тайып Ердоған Анкара халқының ортасында сөйлеген сөзінде: «Сионистік режим мен осы режимнің тыңшылық ұйымы Моссад бұл жолы аймақты бөлу және аймақта бүлік тудырып, жік салуды көздеген жобаларын жүзеге асыра алмайды» деді. Ол Ирактың Күрдістан аймағындағы бөліну туралы референдум нәтижелерінің халықаралық қауымдастық үшін ешқандай құнының жоқ екендігін тағы қуаттап, Ирактың Күрдістан аймағы басшыларын референдумның аймақтағы кез келген салдары мен ықтималды бейберекеттікке жауапты деп атады.
Түркия 15 млн күрд азаматымен осы уақытқа дейін Ирактың Күрдістан аймағындағы референдумға қатысты қатты реакциялармен бетпе-бет келді.