Зариф АҚШ-қа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығудың салдары жайлы ескертті
ИИР Сыртқы істер министрі: «Егер АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатын болса, Иранда басқа да таңдау жолдары бар»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Al-Jazeera телеарнасына берген сұхбатында: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік болса, жақсырақ позицияға ие болады»,-деді.
Иран мен «алтылық» елдерінің (Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, АҚШ пен Германия) ядролық келісімі 2016 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енді. Алайда, АҚШ осы топтың бір мүшесі ретінде әрдайым «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты уағдаластықты бұзып келеді.
ИИР Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясының Катарға қатысты саясаттарының теріс екенін айтып: «Арабстан лаңкестік және экстремистік идеологияны таратуды доғаруы тиіс»,-деп қуаттады.
Зариф Иранның аймақта тұрақтылық орнатуға талпыныс жасап жатқанына тоқталып: «Сауд Арабиясы мен БАӘ басшыларының әрекеттері Иранның талпыныстарына теріс әсер тигізіп жатыр»,-деді.