Қыр 29, 2017 17:51 Asia/Almaty
  • Джахангири мен Түркия Премьер-министрі телефон арқылы сұхбаттасты

Иранның Вице-президенті Түркия Премьер-министрімен телефон арқылы сұхбатында Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумның нәтижесін талқылап: «ИИР Ирактың аумақтық біртұтастығын бұзатын шараларға қарсы»,-деді.

Исхақ Джахангири Түркия Премьер-министрі Бинали Илдирим телефон арқылы сұхбатында Теһранның Бағдад басшыларымен кеңестерінің жалғасатынын айтып: «Көршілес елдер Ирак Конституциясы негізінде Бағдад үкіметін жағдайды басқаруда қолдауы керек»,-деді.

Джахангири, сондай-ақ, Ирак пен Сирияның аумақтық біртұтастығын сақтауды қолдау қажеттігін қуаттап: «Иран мен Түркияның осы жөніндегі тілеулестігі өте маңызды әрі ықпалды»,-деді.

Түркия Премьер-министрі Бинали Илдирим осы сұхбатта Ирактың Күрдістан аймағында референдумның өткізілгенін стратегиялық  қателік деп атап: «Бұл мәселе аймақтық деңгейде тыныштықтың бұзылуына себеп болды»,-деді.

Ол Иран мен Түркияның Ирактың қазіргі мәселелерін шешу және қиындықтарының алдын алудағы ықпалдастығының өте әсерлі болатынын айтып, Теһран, Бағдад пен Анкара арасындағы қарым-қатынас пен ықпалдастықты жалғастыру қажеттігін қуаттады.

 

Тегтер