Ердоған Күрдістан аймағына ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i31257-Ердоған_Күрдістан_аймағына_ескерту_жасады
Түркия Президенті: «Ирактың Күрдістан аймағының басшылары осы аймақты бөліп алу туралы жуырда өткен референдумның құнын төлейтін болады»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 01, 2017 15:58 Asia/Almaty
  • Ердоған Күрдістан аймағына ескерту жасады

Түркия Президенті: «Ирактың Күрдістан аймағының басшылары осы аймақты бөліп алу туралы жуырда өткен референдумның құнын төлейтін болады»,-деп мәлімдеді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған осы елдің шығысындағы Эрзурум қаласында сөйлеген сөзінде Ирактың Күрдістан аймағын бөлу туралы референдум мақсаттарының жеңіліске ұшырайтынын айтып: «Егер күрдтер Ирактың орталық үкіметінен бөлінсе, қиындықтары көбейе түседі. Ирактың Күрдістан аймағының басшылары бұл аймақты бөліп алу туралы шешімдерін қайта қарастыруы тиіс»,-деді.

Ирактың Премьер-министрі Хайдар әл-Абади де Күрдістан аймағын Ирактан бөлу туралы референдумды ел Конституциясы мен халықаралық заңдарға қайшы деп атады.