АҚШ пен Израиль Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуін қолдайды
Ливан Хезболласының бас хатшысы Насролла имам Хусейннің Ашура күні қарсаңында сөйлеген сөзінде: «АҚШ пен Израиль Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуін қолдайды»,-деді.
Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла АҚШ пен сионистік режимнің ДАИШ жобасы жеңіліске ұшырағаннан кейін аймақты бөлшектеу жобасына қайта оралғанын айтып: «Ирактың Күрдістан аймағындағы референдум мәселесінің бұл аймақ халқының тағдырын анықтауға еш қатысы жоқ. Керсісінше, ол аймақты этносы бойынша бөлшектеуге қатысты болып отыр»,-деді.
Хасан Насролла Ирактың Күрдістан аймағындағы референдум мәселесін бүкіл аймаққа қауіп деп атап, саудиялық билеушілерге аймақты бөлшектеу жобасының жуырда Сауд Арабиясына да жететінін ескертті. Насролланың айтуынша, Сауд Арабиясы аймақтағы басқа кез келген елмен салыстырғанда көбірек бөлшектену жағдайына ие.
Ливан Хезболласының бас хатшысы күрд саясаткерлерінің Ирактың Күрдістан аймағын бөлу туралы референдум өткізуде тек өздерінің жеке мүдделерін күйттеп, халықты ойлап отырмағандарын айтты.
Аймақтық және халықаралық қатаң қарсылықтар мен Ирактың Орталық үкіметінің қысымдарына қарамастан, осы елдің Күрдістан аймағының басшылары тек жеке мақсаттарды көздеп, 2017 жылдың 25 қыркүйегінде бөліну туралы референдум өткізді.