Зариф Джалал Талебанидің жерлеу рәсіміне қатысу үшін Ирактың Солеймание қаласына барды
(last modified Fri, 06 Oct 2017 12:28:27 GMT )
Қаз 06, 2017 18:28 Asia/Almaty
  • Зариф Джалал Талебанидің жерлеу рәсіміне қатысу үшін Ирактың Солеймание қаласына барды

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Ирактың бұрынғы президенті Джалал Талебанидің жерлеу рәсіміне қатысу үшін ирандық делегацияны бастап Ирактың Солеймание қаласына барды.

Джалал Талебани 1933 жылы Ирактың Эрбиль қаласының маңында дүниеге келген. Ол Ирактың ұлты араб емес алғашқы президенті болған.  Талебани  2005 жылы Ирактың БААС режимі биліктен кетірілгеннен кейін екі жылдан соң президент болып сайланды.

Саддам диктатурасына қарсы күрескен бұл жетекші Ирактың жаңа саяси жүйесі құрылғаннан кейін Ирактың бірлігі мен ынтымағын нығайтуда елеулі рөл атқарды. Джалал Талебани ұзаққа созылған науқастан сейсенбі күні 84 жасында Германияда дүние салды.

 

Тегтер