Хасан Насролла: АҚШ – ДАИШ-пен соғысқа кедергі болып отыр
Ливанның Хезболла партиясының бас хатшысы: "Америкалықтар ДАИШ-пен соғысқа кедергі болып отыр. АҚШ-тың әскери күштері Сирияның кейбір аймақтарында бұл елдің әскері мен оның одақтастарына ілгерілеуге рұқсат бермей отыр",- деп баса айтты.
Ливандық Хезболланың бас хатшысы Хасан Насролла жексенбі күні кешке өткен аптада Сирияда шәһид болған қарсыласу қозғалысының екі шәһидін еске алу рәсімінде: "ДАИШ бүгінде Сирияның Дейр аз-Зоур аймағының бір бөлігінде ғана әрекет етіп отыр. ДАИШ-тың Сирия мен Ливанда жеңіліске ұшырауына қарамастан, АҚШ әлі де болса ДАИШ-тың өмірін ұзартуды қалайды",- деді.
Ливандық Хезболланың бас хатшысы сондай-ақ Вашингтон мен Теһранның ертеден келе жатқан дұшпандығына тоқталып: "АҚШ пен Иран арасындағы мәселенің ядролық бағдарламаға қатысы жоқ. АҚШ пен Иран арасында туындаған мәселенің тамыры аймақтағы америкалық-саудиялық жоспардың Иран тарапынан түйткілге ұшырауында болып отыр.
Қазір аймақта орын алып жатқан жағдайлар шын мәнінде Ирак пен Ливанда жеңіліске ұшыраған америкалық-саудиялық жоспар саналады. Бұл жоспар Сирияда да аяқталып қалды. Сондықтан олар өз жоспарларын іске асыру жолында қарсы тұрған адамдарды жазалағысы келеді",- деп мәлімдеді.