Сионистік режим Газа секторына артиллериялық шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i31515-Сионистік_режим_Газа_секторына_артиллериялық_шабуыл_жасады
Сионистік режимнің Әскері Палестина халқына қарсы қылмыстарының жалғасында тағы да Газа секторын артиллериялық снарядпен нысанаға алды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 09, 2017 14:43 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Газа секторына артиллериялық шабуыл жасады

Сионистік режимнің Әскері Палестина халқына қарсы қылмыстарының жалғасында тағы да Газа секторын артиллериялық снарядпен нысанаға алды.

ИРНА ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Израиль режимі Палестина қарсыласу күштерінің Газа секторының орталығындағы әл-Мағази базасының шығысында орналасқан Абусафие ауданындағы орталықтардың біріне артиллериялық шабуыл жасады.

Сионистік режимнің әскері мәлімдеме жариялап: "Изралиь әскерінің Газа секторына артиллериялық және танкпен жасаған шабуылдары Газадан басып алынған Палестинаның оңтүстігіндегі Эшколь қалашығына зымыран ату әрекетіне көрсеткен реакция болды",- деді.

Сионистік режим үнемі жалған сылтаулармен Газа секторының әртүрлі аймақтарын әуеден және артиллериялық шабуылдар жасап, көптеген палестиналықтарды шәһид етіп, зардап келтіреді.

Сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік органы кеше жексенбі күні екі палестиналықтың Иордан өзенінің батыс жағалауында құрықталғаны туралы хабарлады.