Бағдад Ирактың Күрдістан аймағына шабуыл жасауды мақсат тұтпайды
(last modified Thu, 12 Oct 2017 07:24:16 GMT )
Қаз 12, 2017 13:24 Asia/Almaty
  • Бағдад Ирактың Күрдістан аймағына шабуыл жасауды мақсат тұтпайды

Ирак Премьер министрі кеңсесінің ақпарат өкілі Эрбиль тарапынан айтылған үкімет армиясының елдің Күрдістан аймағына шабуыл жасауы туралы уәждерді теріске шығарды.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ирак Премьер-министрі кеңсесінің ақпарат өкілі Саад әл-Хадиси осы елдің Күрдістан аймағының қауіпсіздік кеңесінің уәждеріне реакциясында Орталық үкіметтің Ирактың Күрдістан аймағына шабуыл жасауды мақсат тұтпайтынын жариялады.

Ирак Күрдістанының «Пишмәрге» күштерінің қолбасшысы да: «Ирак армиясының Киркук облысында әскери амалдар жүргізуге дайын екені туралы кейбір ақпараттар шындыққа жанаспайды»,-деп хабарлады. 

Ирак Күрдістан аймағының қауіпсіздік кеңесі сәрсенбі күні Twitter-дегі ресми парақшасында: «Ирак армиясы, «Хашд аш-Шааби» халықтық ерікті күштері мен федералдық полицияның осы елдің Күрдістан аймағына шабуыл жасауды көздеп отырғанын көрсететін қолымызда ақпарат бар»,-деген уәж айтты.

«Rudaw» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ирак Күрдістан аймағының қауіпсіздік кеңесі ирактық күштер Киркуктің оңтүстігі мен батысынан және Мосулдың солтүстігінен осы елдің Күрдістан аймағына шабуыл жасауды көздеп отыр деген.

 

Тегтер