"Фатх" пен ХАМАС Каирдегі келіссөздер барысында қорытынды келісімге келді
(last modified Thu, 12 Oct 2017 17:09:33 GMT )
Қаз 12, 2017 23:09 Asia/Almaty

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) саяси бюросының төрағасы Имаил Һание: "Мысырдың бақылауымен өткен келіссөздер барысында "Фатх" пен ХАМАС қозғалыстары келісімге келді",- деп хабарлады.

Палестиналық ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, Палестинаны азат ету ұйымы, сайлаулар мен Газа секторы және Иордан өзенінің батыс жағалауында Ұлттық бірлік үкіметін құру мәселелері жайлы Каирдегі ХАМАС пен "Фатх" қозғалыстары арасындағы сұхбаттасулар басқа палестиналық топтардың қатысуымен екі аптаға кейінге қалдырылды. Сондай-ақ ХАМАС пен "Фатх" қозғалыстары ортақ мәлімдеме жариялап, Мысыр Қауіпсіздік органының бақылауымен өткен сұхбаттасулар кеңістігі оң бағаланды.