Сауд әулеті мен сионистік режим Трамптың Иранға қарсы сөздерін қолдады
(last modified Sun, 15 Oct 2017 14:52:31 GMT )
Қаз 15, 2017 20:52 Asia/Almaty
  • Сауд әулеті мен сионистік режим Трамптың Иранға қарсы сөздерін қолдады

Сауд Арабиясының королі Малек Салман АҚШ Президентімен телефон арқылы сұхбаттасып, Дональд Трамптың Иранға қарсы сөздеріне қолдау білдірді.

Елдер мен халықаралық ұйымдардың басым көпшілігі, тіпті кейбір америкалық қайраткерлер Трамптың ИИР-на қарсы сөздерін дипломатиялық әдептен тыс әрі құнсыз деп атады. Ал Малек Салман АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа қатынасын қолдады.

Бұдан бұрын да Сауд әулеті режимі Халифе әулеті мен Нахиян әулеті режимдерімен бірлесіп, мәлімдеме жасап, АҚШ Президенті Дональд Трамптың ИИР-на қарсы сөздерін қолдаған болатын.

Сонымен қатар, осыдан бұрын АҚШ Президенті Дональд Трампқа бірнеше рет жақтасқан сионистік режимнің Премьер-министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын ең нашар келісім деп атап, бұл халықаралық келісімнің жойылуын қалайтынын білдіріп, Трамптың жұма күні кешке Иранға қарсы айтқан сөздеріне алғыс айтты. Беньямин Нетаньяху Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы шешімін батыл деп сипаттады.

Сионистік режимнің Премьер-министрі, сонымен қатар, өз қоймаларында жүздеген ядролық оқтұмсықтың сақталып жатқанына тоқталмастан, күлкі тудыратын сөз айтып, ИИР-ын ядролық қаруларға  қол жеткізуге талпынып жатыр деген уәж айтты.

Иранның ядролық белсенділіктері АҚХА мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің есептерінде бейбіт мақсатта деп мойындалған.