Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Сирияның Туризм істері министрімен кездесті
Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Сирияның Туризм істері министрі Башар Язджимен кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтар туралы пікір алмасты.
ИРНА-ның мәліметіне сәйкес, Сирияның Туризм істері министрі Башар Язджи Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Абдулали Әли Аскаримен кездесуінд Иранның Сирия үкіметі мен халқының лаңкестікке қарсы соғысын қолдауына алғыс айтып: "Сириядағы қазіргі соғысты ақпараттық соғыс деп айтуға болады, өйткені әлемге Сирияның шынайы жүзін көрсетпеу үшін көптеген талпыныс жасалуда",- деді.
Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Алеппо облысының әкімімен кездесуінде Иран халқы және үкіметінің Сирия халқына елін қайта тұрғызуға көмектесетінін қуаттады.
Әли Аскари Алеппо қаласына жасаған бір күндік сапарында Алеппо облысының әкімі Хосейн Диабпен кездесіп: "Алеппо – тұрақтылықтың аңызы. Оны азат ету бүкіл халықтың лаңкестік және оның демеушілерімен күресудегі жігерін арттырады",- деді.