Ирак күштері Киркуктың басым бөлігінің бақылауын қолдарына алды
(last modified Mon, 16 Oct 2017 10:00:13 GMT )
Қаз 16, 2017 16:00 Asia/Almaty
  • Ирак күштері Киркуктың басым бөлігінің бақылауын қолдарына алды

Ирактың ақпарат көздері Ирак күштерінің бұл елдің солтүстігінде орналасқан Киркук облысының басым бөлігінің бақылауын өз қолдарына алғаны туралы хабарлады.

Осы хабарламаға сәйкес, Ирактың күштері ешбір қақтығыссыз әуежай, бірқатар мұнай ұңғымалары мен Кейван және Халед әскери базаларының бақылауын өз қолына алған.

Жергілікті дереккөздері, сондай-ақ Киркук облысы әкімінің Эрбилге қашып кеткені туралы хабарлап: "Киркуктың солтүстік-батысындағы әд-Дабс ауданында орналасқан Күрдістан аймағының "Пишмарге" күштерінің бірқатары Ирак күштеріне берілді",- деп хабарлады.

Al Alam ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, күрдтердің "Пишмарге" күштерінің басым бөлігі Эрбил мен Солейманиеге қарай артқа шегінген.

Ирак премьер-министрі Хейдар әл-Абади жексенбі күні кешке күрдтердің "Пишмпрге" күштерінің Киркуктен артқа шегінуіне берілген 72 сағаттық мерзім аяқталғаннан кейін Ирак күштерінің Киркуктың бақылауын өз қолдарына алуға қатысты әскери амалдарды бастауға және бұл елдің мұнай ұңғымаларын қайтаруға бұйрық шығарды.

 

Тегтер