Ирактың күштері Киркуктің әртүрлі аймақтарына орналасты
Ирактың күштері Лилан аймағы мен Киркук әскери әуежайының бақылауын өз қолдарына алды.
Ирак телеарнасы дүйсенбі күні таңертең Ирак күштерінің Киркук облысының басым бөлігіне, соның ішінде солтүстік мұнай кәсіпорындары мен К1 маңызды әскери базасына иелік еткені жайында хабарлады.
Сондай-ақ Ирак күштері бір сағат бұрын Киркуктың оңтүстік жағының кіреберісін де қолдарына алды. Күрд әскерлері артқа шегінген соң, Дакук қалашығы да Ирак қарулы күштерінің бақылауына көшті.
Бірнеше өзектен басталған Ирак күштерінің миссиясы әрі қарай жалғасуда. Ирактың Премьер-министрі Хейдар әл-Абади жексенбі күні кешке Ирак қарулы күштеріне Күрдістанның Ирактан бөлінуі жөніндегі референдум мен Ирактың бөліну қаупіне қарсы тұру үшін Киркук облысында толық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бұйрық берді.