Велаяти: Барзани өз қателігінің орнын толтыруы қажет
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі Ирактың Киркук қаласындағы өзгерістерге сілтеме жасап, Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзанидің өз қателіктерін мойындап, орнын толтыруы қажеттігін қуаттады.
Әли Акбар Велаяти сейсенбі күні Францияның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Франк Джульемен Теһранда кездесуден соң журналистердің ортасында: "Ирактың Күрдістан аймағындағы халықтың басым көпшілігі Масуд Барзанидің әрекеттеріне қарсы болғандықтан, күрд халықтары Ирактың мемлекеттік және заңды күштеріне Киркук қаласын еш қақтығыссыз қайтарды",-деді.
Велаяти сонымен қатар Ислам революциясының Сақшылар корпусы Киркуктегі амалдарды басқаруда рөл атқарыд деген уәждерін теріске шығарып, Ирак үкіметінің мықты, ел халқының ұйымшыл екенін, сондай-ақ Ирак армиясы мен халықтық ерікті күштерінің ДАИШ-ке қарсы батылдықтарын көрсеткенін айтты.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі сондай-ақ АҚШ-тың Сирияны бөлу әрекеттерін сынап: "Сирия үкіметі Ракка мен Дэйр Эз-зоур қалалары мен елдің шығысын лаңкестерден азат етіп жатқанда АҚШ бұл аймақта әскери базалар құрып, Сирияны ыдыратуды көздеуде. Бірақ, Иракта жеңіліс тапқандай Сирияда да жоспарын жүзеге асыруда жетістікке жетпейді",-деді.