Әл-Абади: Референдум аяқталып, тарихқа айналды
(last modified Wed, 18 Oct 2017 09:08:49 GMT )
Қаз 18, 2017 15:08 Asia/Almaty
  • Әл-Абади: Референдум аяқталып, тарихқа айналды

Ирактың Премьер-министрі қыркүйек айының 25 күні ішкі және сыртқы қарсылықтарға қарамастан Ирактың Күрдістан аймағында осы аймақтың бөлінуі туралы референдумның өткеніне тоқталып: "Референдум аяқталып, тарихқа айналды",- деп қуаттады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің ирактық Аlsumaria арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ирак Премьер-министрі сейсенбі күні кешке Бағдадта өткен баспасөз отырысында: "Күрд басшыларына референдумның бәрінен бұрын күрдтердің мүддесіне зиян келтіретіні туралы ескертілген",- деді. Әл-Абади еш уақытта азамат  соғысына кірмейтіні туралы айтып, Ирактың Күрдістан аймағы басшыларын Ирак Конституциясы бойынша келіссөздер жүргізуге шақырды.

Ирактың халықтық күштерінің қолбасшысы Абу Әла әл-Улаи сейсенбі күні: "Халықтық күштер мен «Пишмарге» күштерінің келіссөздері нәтижеге жетті. Олар 2013 жылғы шекараларға шегініп, Мосул бөгетін қақтығыссыз қайтарды",- деді.

Сондай-ақ Ирактың Мұнай министрлігі де сейсенбі күні: "Киркук облысының ең үлкен мұнай құбыры саналатын "Халидж Хасан" және "Хавана" мұнай кешендеріндегі мұнай өндірісі Ирактың орталық үкіметінің бақылауына алынды",- деп хабарлады.