Қаз 19, 2017 17:21 Asia/Almaty
  • Әл-Абади Киркукта қарулы күштердің құзырының алдын алуға бұйрық берді

Ирактың Премьер-министрі Киркук облысында Орталық үкіметке қарасты күштерден басқа қарулы топтардың болуының алдын алуға бұйрық берді.

"Әл-Теджа" телеарнасының сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Ирактың Премьер-министрі Хайдар әл-Абади мәлімдемеде: "Киркуктағы қауіпсіздік күштері барлық азаматтардың мал-мүліктерінің қауіпсіздігін сақтауға міндетті",-деп баса айтты.

Ирак Премьер-министрінің айтуынша, Киркукта жергілікті полиция мен лаңкестікпен күрес ұйымынан басқа әскери және қауіпсіздік күштерінің болуына тыйым салынады. Ирактың Премьер-министрі, сондай-ақ, жік салу үшін жалған суреттер мен бейнетаспалар таратын адамдарды тұтқындауға бұйрық берді.

Ирактың ақпарат көздері үш жыл өткен соң Киркуктен Тикритке баратын күре жолдың ашылғанын хабарлады. Киркук пен Тикритті байланыстыратын 100 шақырымдық негізгі жол ДАИШ лаңкестерінің басып алуы салдарынан жабылған болатын.

 

Тегтер