Ақпарат құралдарының Хашд аш-Шааби күштерінің Киркук қаласына кіргені туралы уәждері теріске шығарылды
(last modified Sat, 21 Oct 2017 09:16:08 GMT )
Қаз 21, 2017 15:16 Asia/Almaty
  • Ақпарат құралдарының Хашд аш-Шааби күштерінің Киркук қаласына кіргені туралы уәждері теріске шығарылды

Ирактың Бадр ұйымының бас хатшысы кейбір күрд ақпарат құралдарының Хашд аш-Шааби күштерінің Киркук қаласына кіргені туралы уәждерін теріске шығарды.

Ирактың Al Sumaria News арнасының хабарлауы бойынша, Ирактың Бадр ұйымының бас хатшысы Һади әл-Амри жұма күні кешке Киркук қаласының солтүстік-батысында орналасқан Алтынкёпрю қаласында өткен баспасөз отырысында күрд ақпарат құралдарының Хашд аш-Шааби халықтық күштерінің Киркук қаласына кіргені туралы қауесеттеріне реакция білдіріп: "Хашд аш-Шааби күштерінің міндеті Киркук қаласында қауіпсіздік орнату ғана болған. Дәл қазір қала тұрғындарының қауіпсіздігі Ирак полициясының мойнына жүктелді",- деді.

Қазір Ирактың harbipress қызметі Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзанидің қоластындағы күштердің Киркуктың солтүстік-батысында Ирактың әскери күштеріне қарсы германиялық зымырандарды пайдаланып жатқаны туралы хабарлады.

Зымырандық шабуыл салдарынан ирактық күштерге көптеген адами және қаржылай шығын келді.

 

Тегтер