Эрдоған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін сынады
(last modified Sun, 22 Oct 2017 15:57:19 GMT )
Қаз 22, 2017 21:57 Asia/Almaty
  • Эрдоған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін сынады

Реджеп Тайып Эрдоған Стамбулдағы Ибн Халдун университетіндегі өркениет халықаралық кеңесінің ашылу рәсімінде: "БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүше бес мемлекеттің әлем тағдырын өздері қалағандай өзгертуге құқығы жоқ.

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайға қарағанда әлемнің жағдайы өзгерді, сондықтан бұл салада өзгерістер енгізу басқа мәселелер сынды қажеттілік",- деді. Ол Қауіпсіздік кеңесінің Мьянмадағы мұсылмандардың сол елдің буддистері мен армиясы тарапынан қырылуына тоқталып, лаңкестікті сылтауратып, рохинья мұсылмандарына геноцидтің жасалып жатқанын қуаттады.