ХАМАС қозғалысы Израильді ешқашан ресми түрде танымайды
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) саяси кеңсесі басшысының орынбасары бұл қозғалыстың сионистік режимді ешқашан ресми түрде танымайтынын қуаттады.
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) саяси кеңсесі басшысының орынбасары Салех әл-Арури Теһранда Al-Alam телеарнасына берген сұхбатында: «ХАМАС қозғалысы Израильді ешқашан ресми түрде танымайды және ешуақытта осы режиммен күресті жалғастыру құқығынан бас тартпайды.
ХАМАС қозғалысы Газа секторын қорғап, сионистік режимнің кез келген басқыншылығына төтеп беріп, осы режимді жоюға дайын.
Иран – қарсыласу қозғалысына сенетін және оны Палестинаны азат етіп, сионистердің жобаларына төтеп беретін заңды әрі жалғыз жол санайтын ел. Сондықтан Иранның қолдауы шынайы.
Иран – стратегия мен сенім негізінде Палестинаны тұрақты түрде қолдап келе жатқан аймақтық алпауыт ел»,-деп баса айтты.