Қаз 24, 2017 15:05 Asia/Almaty
  • Хейдар әл-Абади: Хашд әш-Шааби – Ирак пен аймақтың үміті

Ирак Премьер-министрі дүйсенбі күні кешке АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен Бағдадтағы кездесуінде Ирактың халықтық ерікті күштерін қатты қолдайтынын мәлімдеді.

Хейдар әл-Абади Рекс Тиллерсонның Хашд әш-Шааби күштеріне қарсы сөздеріне реакция білдіріп, Ирактың халықтық ерікті күштерін ел мен аймақтың үміті деп атады.

Ирак Премьер-министр Хашд әш-Шаабидің ресми орган екенін мәлімдеп, Ирактың халықтық ерікті күштерінің елдің лаңкестерге қарсы күресінде маңызды рөл атқарғанын баса айтты.

Хейдар әл-Абадидің кеңсесі де дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап, ешкімнің Ирак үшін шешім қабылдау құқығының жоқ екеніне тоқталып, Хашд әш-Шааби күштерінің барлығының ирактықтар екенін айтты.

 

 

Тегтер