Арабстан 200 млрд долларлық бюджет тапшылығына ұшырады
Ақпарат көздері Риядтың Арабстан бюджетіндегі 200 млрд долларлық тапшылығынан құтылу үшін талпыныс жасап жатқанын хабарлады.
2014 жылы мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуінен бері Сауд Арабиясының соңғы үш жылдағы бюджет тапшылығының жалпы көлемі шамамен 200 млрд долларға жетті. Арабстанның Aramco басшысы Амин Насердің компания акциясының бір бөлігін 2018 жылы сату туралы мәлімдемесінен кейін қаржы істерінің сарапшылары Арабстанның бюджет жетіспеушілігінің орнын толтырудағы жобаның нәтижелі болатындығына шәк келтіріп, Риядтың экономикалық жағдайына байланысты бұл үдерісті жүзеге асырмау ықтималы бар екенін мәлімдеді. Арабстанның мұнайға тәуелді экономикасының табыс көзін диверсификациялау мақсатындағы Aramco компаниясы акцияларының 5 пайызын сату жобасын 2016 жылы саудиялық тақмұрагері Мохаммад Бен Салман ұсынған болатын.