Сионистік режимнің Премьер-министрі Құдста арандатушы әрекет жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i31947
Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сәрсенбі күні арандатушы әрекет жасап, Кнессет мүшелерінің бірімен мұсылмандардың алғашқы құбыласы әл-Ақса мешітіне кірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 26, 2017 20:08 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Премьер-министрі Құдста арандатушы әрекет жасады

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сәрсенбі күні арандатушы әрекет жасап, Кнессет мүшелерінің бірімен мұсылмандардың алғашқы құбыласы әл-Ақса мешітіне кірді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Беньямин Нетаньяху мен сионистік режим Парламентінің өкілі Иегуда Гликтің әл-Ақса мешітіне кіруі палестиналық мұсылмандардың наразылығын тудырды.

Сионистік режимнің Премьер-министрі ағымдағы айдың басында 2015 жылы қабылданған саяси тұлғалар мен Кнессет мүшелеріне әл-Ақса мешітіне кіруге тыйым салу бұйрығының күшін жойған болатын.

Әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіру сионистік қалашық тұрғындарының күнделікті ісіне айналды. Сионистік режим де ресми түрде осындай әрекеттерді қолдап отыр.

Бұл мешіт  сионистік қалашық тұрғындары мен әскерилердің Бейт ул-Мұқаддастың исламдық-христиандық болмысын жою және оны сионизмнің символдарымен алмастыратын мекенге айналды.