Шамхани: Ирак кейбір араб елдері секілді диктаторлық режим арқылы басқарылмайды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i31961-Шамхани_Ирак_кейбір_араб_елдері_секілді_диктаторлық_режим_арқылы_басқарылмайды
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Ирактың "Хашд аш-Шааби" халықтық күштеріне қарсы айтқан жуырдағы сөздеріне реакция білдіріп: "Рекс Тиллерсон Иракты Парсы шығанағы кеңесінің кейбір елдері секілді диктаторлық және үстемшіл түрде әулет тарапынан басқарылады деп ойлайды",- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 27, 2017 21:24 Asia/Almaty
  • Шамхани: Ирак кейбір араб елдері секілді диктаторлық режим арқылы басқарылмайды

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Ирактың "Хашд аш-Шааби" халықтық күштеріне қарсы айтқан жуырдағы сөздеріне реакция білдіріп: "Рекс Тиллерсон Иракты Парсы шығанағы кеңесінің кейбір елдері секілді диктаторлық және үстемшіл түрде әулет тарапынан басқарылады деп ойлайды",- деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Ирактың "Хашд аш-Шааби" халықтық күштеріне қарсы айтқан жуырдағы сөздеріне реакция білдіріп: "Рекс Тиллерсон Иракты Парсы шығанағы кеңесінің кейбір елдері секілді диктаторлық және әулеттік үстемшілдік тарапынан басқарылады деп ойлайды",- деді.

Али Шамхани бейсенбі күні кешке  ливандық Al Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында Иракта Парламент пен Үкіметтің бар екенін баса айтып: "АҚШ Иракқа Иранмен ынтымақтастық жасау әдісіне қатысты өз пікірін таңа алмайды",- деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон бейсенбі күні Ирак үкіметінен өзінің ойындағы "Иранның ықпалы" атты үдеріспен қарсыласуды сұрады.

Тиллерсон жексенбі күні Риядта өткен Сауд режимінің Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрмен кездесуінде Иракта ДАИШ-пен соғысып жатқан содырлардың жұмысы осымен аяқталды, енді олар өз елдеріне оралуы тиіс деген уәж айтты.

Ирак премьер-министрі дүйсенбі күні кешке Тиллерсонның сол уәждеріне реакция білдіріп: "Ирактың халықтық ерікті күштері – өз еліміз бен аймақтың үміті",- деп баса айтты.