«Пишмарге» күштері Ирактың солтүстігінде тағы бір ауданнан кері шегінді
(last modified Sun, 29 Oct 2017 09:00:12 GMT )
Қаз 29, 2017 15:00 Asia/Almaty
  • «Пишмарге» күштері Ирактың солтүстігінде тағы бір ауданнан кері шегінді

Масуд Барзани бастаған Ирактың Күрдістан демократиялық партиясына қарасты күрдтердің «Пишмарге» күштері кері шегінгеннен кейін Мосулдың оңтүстік-шығысындағы Махмур ауданы Ирактың орталық үкіметінің бақылауына өтті.

IRNA-ның Ирактың әскери дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша,  Махмур ауданы Ирак армиясы мен орталық полициясының толық бақылауына өткеннен кейін  «Пишмарге» күштері осы ауданнан кері шегінді.

Осы мәлімет бойынша, «Пишмарге» күштері Махмур ауданынан кері шегіну туралы бұйрық алғаннан кейін сенбі күні бұл ауданнан шыққан. Содан кейін Ирак армиясы мен орталық полициясы даулы аймақта орналасқан ауданның қауіпсіздігіне жауапкершілікті өз қолдарына алды.

Келесі бір хабар бойынша, күрд ақпарат көздері Масуд Барзанидің Күрдістан аймағы Парламентіне хат жолдағанын хабарлады. Онда Масуд Барзани Ирактың Күрдістан аймағын басқаруды жалғастыруға ынтасының жоқтығын қуаттаған көрінеді.

 

Тегтер