Сауд Арабиясы Йемен мәселесіне шырмалып, өзінің кінәсын Иранға таңуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32026
Йемен екі жылдан бері Сауд Арабиясының үздіксіз шабуылдарымен бетпе-бет келіп отыр. Шабуылдардың жалғасуы адами апатқа ұластырды. Сауд Арабиясы Йемендегі соғыс батпағына шырмалған кезде бұл елдің басшылары мен одақтастары негізсіз уәждерін қайталап, қателіктерін жасыруға күш салуда.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 31, 2017 16:10 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы  Йемен мәселесіне шырмалып, өзінің кінәсын Иранға таңуда

Йемен екі жылдан бері Сауд Арабиясының үздіксіз шабуылдарымен бетпе-бет келіп отыр. Шабуылдардың жалғасуы адами апатқа ұластырды. Сауд Арабиясы Йемендегі соғыс батпағына шырмалған кезде бұл елдің басшылары мен одақтастары негізсіз уәждерін қайталап, қателіктерін жасыруға күш салуда.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел Джубейр саудиялықтардың Йеменге қарсы шабуылдарын қолдаушылардың конференциясында  Иранға қарсы уәждерін қайталап: "Иран йемендік содырларды қолдап, Йемен дағдарысын шешуге кедергі жасауда",- деді.

Саудиялықтардың Йеменге қарсы шабуылын қолдайтын коалицияға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері мен бас штабтарының басшылары да мәлімдеме жариялап: "Хаусиліктер өз зымырандарын Ираннан алады. Сондықтан, Иранның көмектеріне тосқауыл қою керек",- деген уәж айтты.

Адел Джубейр өткен жұма күні "Sky News» арнасына берен сұхбатында негізсіз уәждерін жалғастырып: "Егер Иран әлемдік қоғамның белсенді мүшесі болғысы келсе, басқа елдердің істеріне араласуын тоқтатуы керек",- деді.

ИИР Сауд Арабиясының өткен жылдарда аймақтағы қате және шығыны көп және нәтижеге жетпейтін ұстаным білдіретінін сан рет мәлімдеді. Бұл мемлекеттің  терең ойланып, өзінің мүддесіне сай аймақ оқиғаларын дұрыс түсініп, қабылдауы қажеттігін қуаттады. Рияд басшылары шындықты қабылдап, өздерінің жеңілгендері мен көптеген шығын көргенін мойындауы керек. Сирия мен Йемендегі гибридтік соғыстар сәтсіздікке ұшырау және Біріккен Араб Әмірлігі  сынды Сауд Арабиясының ықпалы жүретін елдерді мәселелерге шырмаудан басқа нәтижеге жетпейді. Екіншіден, Сауд Арабиясы  елінің долларлық қорының миллардтаған долларын гибридтік соғыста пайдаланып, Йеменнің жазықсыз халқын қырып-жою үшін пайдаланатын қару сатып алуға жұмсады.

Британиялық көздер жуырда 2017 жылдың бірінші жартысында Ұлыбританияның Сауд Арабиясына қару саудасының 1 миллиард 100 миллион фунттан асқаны туралы хабарлады. Осыдан бірнеше ай бұрынғы Дональд Трамптың  Рияд сапарында 110 миллиард долларға қару сатып алу туралы келісімге қол қойылды. Сауд Арабиясы  бұл қарумен Йеменнің әскери емес қарапайым мыңдаған халқын өлтіріп, миллиондаған халқын аштық пен ауруға душар етті.

"Ән-Наджм әс-Сақаб" ақпарат базасы мәлімдемесінде: "Йеменде тырысқақ және миқұрт ауруларының таралуына Йемен халқына қарсы шабуылдарында тығырыққа  тірелген АҚШ пен жалдамалылары кінәлі",- деп жазды.

Араб әлемінің танымал жазушысы әрі Лондонда шығатын "Раи әл-Яум" газетінің редакторы Абдәлбари Атван: "Бен Салман ханзаданың көзқарастары мен ұзақ мерзімді саясаттары талқылау мен бағалауды қажет етеді. Өйткені, олар маңызды да қатерлі мәселелермен байланысты. Әсіресе, Бен Салманның жобалары ішкі реакциямен бірге Йемендегі әскер әрекеттері сынды аймаққа да әсерін тигізеді",- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми айтқандай, Рияд отырыстарында негізсіз уәждерді қайталай беру қылмыс жасап отырған адамдардың жауапкершілігін азайтпайды.