Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Ирактың Энергетика министрімен кездесті
(last modified Thu, 02 Nov 2017 16:42:51 GMT )
Қар 02, 2017 22:42 Asia/Almaty
  • Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Ирактың Энергетика министрімен кездесті

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадари Иракқа іс-сапарының жалғасында Ирактың Энергетика министрі Ғасем әл-Фаһдавимен Бағдадта кездесіп, сұхбаттасты.

Мұхаммад Шариатмадари мен Ғасем әл-Фаһдави кездесу барысында екі елдің жуырдағы қатынастарын, соның ішінде Иранның электр қуатын Иракқа тасымалдау мәселесін талқылады. Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі сондай-ақ Иранның  ДАИШ лаңкестік тобымен соғыстан кейінгі Ирактың қираған аймақтарын қайта қалпына келтіруге, әсіресе электр стансаларын салуға әзірлігін мәлімдеді. Ирактың Энергетика министрі Ғасем әл-Фаһдави Иранның электр қуаты саласы мен электр стансаларын салуда Иракқа көрсететін көмектері үшін алғысын білдірді. Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі сәрсенбі күні экономикалық делегацияны бастап, Бағдадқа іс-сапармен келген болатын.

 

Тегтер