Қарсыласу – Палестинаны азат ететін жалғыз жол
(last modified Fri, 03 Nov 2017 13:48:45 GMT )
Қар 03, 2017 19:48 Asia/Almaty
  • Қарсыласу – Палестинаны азат ететін жалғыз жол

Ливанның астанасы Бейрутте өткен Қарсыласу үлемдері әлемдік одағының екінші халықаралық форумы Палестина мәселесін қолдау туралы мәлімдеме жариялап, жұмысын аяқтады. Бұл форум өз жұмысын сәрсенбі күні бастаған болатын.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл мәлімдемеде Британия үкіметінің Бальфур декларациясын жариялау әрекеті мен жалғасында сионистерді қолдауы айыпталып: "Палестинаның басып алынған жерлерінің азат етілуі туралы илаһи уәдеге жететін жалғыз жол - қарсыласу. Қарсыласу - Палестинаны азат етіп, жерлерін қайтаратын жалғыз жол" деп баса айтылды.
Бейрутте өткен Қарсыласу үлемдері әлемдік одағының екінші халықаралық форумы Британия үкіметінің Бальфур декларациясын  айыптап, бұл үкіметті палестиналықтарға қарсы бір ғасыр бойы жасалып жатқан қылмыстар мен қантөгістерге жауапты деп атады.
Форумның қорытынды мәлімдемесінде: "Бейт әл-Мұқаддас арабтардың, палестиналықтарды қаласы болған, келешекте де арабтардың, палестиналық қала болып қалады. Әл-Ақса мешіті исламдық және араб мекені болып қалады. Қарсыласу үлемдері бұл мешітті бөлуге қарсы",- деп қуатталды.