Ливанның премьер-министрі Саад ал-Харири қызметінен кететінін мәлімдеді
(last modified Sat, 04 Nov 2017 17:29:17 GMT )
Қар 04, 2017 23:29 Asia/Almaty
  • Ливанның премьер-министрі Саад ал-Харири қызметінен кететінін мәлімдеді

Ливанның премьер-министрі Саад ал-Харири қызметінен кететінін мәлімдеді.

Арабстанға барған Саад Харири өзіне лаңкестік әрекет жасалмақ болғаны туралы уәж айтты. Ливанның Әділет министрі Джарисати оның мәлімдемесіне қатысты: «Саад ал-Хариридің қызметтен кететіні күмәнді. Оның әрекетінің уақыты мен мекені де айқын емес әрі таңданыс тудырады. Ал-Хариридің қызметінен кететіні туралы мәлімдемесі тосын және елде орнаған кеңістікке қайшы болды» деді. Саад ал-Харири өзінің қызметінен кететінін мәлімдеген соң саудиялықтарға жақтас ұстаным білдіріп: «Хезболла өзінің қаруын ливандықтар мен сириялықтарға қарсы қолданады» деген уәж айтты.

Саад ал-Хариридің Ливан Хезболласының қаруы туралы сөздері Ливанның Қарсыласу қозғалысы жақында Ливанның шығыс және солтүстік аймақтарын Арабстанның қолдауына ие лаңкестерден тазартқан жағдайда айтылып отыр.