Нетаньяху: Хариридің қызметінен кетуі Иранмен күресу қажеттігін көрсетті
Сионистік режимнің премьер-министрі Ливанның қызметінен кеткен премьер-министрі Саад Хариридің Иранға қарсы айтқан сөздерін қолдап: "Хариридің қызметінен кетуі ИИР-мен күресуге қатысты алдын-ала ескерту саналады",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Беньямин Нетаньяху сенбі күні кешке ИИР-н сионистік режим мен Таяу Шығыс үшін қауіп деп атап, Иранның аймақтағы билігіне қарсы күресу керек деген уәж айтып: "ИИР Ливанды екінші Сирияға айнладыруға талпыныс жасауда",- деді.
Саад Харири сенбі күні Сауд Арабиясында қызметінен кететіні туралы мәлімдеді.
Ливанның қызметтен кеткен премьер-министрі сондай-ақ, ИИР-н аймақтық араб елдерінің ішкі істеріне араласуда деп айыптап: "Ливан Хезболласы – Иранның аймақтағы күші",- деді.
Саад Хариридің Иран туралы айтқан уәждері Ислам революция жетекшісінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Велаятидің жұма күні Бейрутте Саад Хариримен кездесуінде оның басқаруындағы Ливан үкіметіне қолдау білдірген жағдайда орын алды.