Сардар Аштари: 200 000 шетелдік зияратшы Иранның үш шекарасы арқылы Иракқа енді
ИИР Полиция күштерінің қолбасшысы екі аптадан бері басқа елдердің шамамен 200 000 зияратшысының Иранның белгіленген шекаралары арқылы Иракқа енгені туралы хабарлады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, генерал Хосейн Аштари жексенбі күні Иранның батысындағы Меһран шекарасындағы Арбағинге қатысты штабтың отырысында: "Имам Хусейн (ғ.с.)-ға арналған Арбағин рәсімдеріне қатысуға жолға шыққан басқа елдердің азаматтары Иранның оңтүстік-батысындағы Шаламче шекарасынан, тек Ресей мен Түркия азаматтары Иранның батысындағы Меһран шекарасынан өте алады. Осы уақытқа дейін зияратшылар ешбір қиындықсыз, ерекше тәртіппен өтіп жатыр. Әзірше Иракқа зияратшылардың жартысы, яғни 1 миллион 800 мың адам енді. Олардың шамамен бір миллионы Меһран шекарасынан Кербалаға аттанды",- деді.