Арабстанның тақмұрагері Иранға жала жапты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32144
Сауд Арабиясының тақмұрагері Мохаммад Бен Салман: «Йеменнің Ансаролла қозғалысын зымыранмен қамтамасыз етуде Иранның рөл атқаруы осы ел тарапынан жасалған әшкере түрдегі әскери басқыншылық саналады» деген уәж айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 07, 2017 22:10 Asia/Almaty
  • Арабстанның тақмұрагері Иранға жала жапты

Сауд Арабиясының тақмұрагері Мохаммад Бен Салман: «Йеменнің Ансаролла қозғалысын зымыранмен қамтамасыз етуде Иранның рөл атқаруы осы ел тарапынан жасалған әшкере түрдегі әскери басқыншылық саналады» деген уәж айтты.

Мохаммад Бен Салман сейсенбі күні Ұлыбритания Сыртқы Істер Министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы сұхбатта: «Бұл әрекет Сауд Арабиясына қарсы соғыс әрекеті санала алады» деді.

Йемен армиясы мен халықтық комитеттері Сауд режимінің Йемендегі қылмыстарына жауап ретінде сенбі күні Риядтағы Король Халид әуежайына зымыран атқан болатын.

Ливан премьер-министрі Саад Харири Арабстанның астанасы Рияд қаласында отставкаға кететінін мәлімдеген соң Сауд Арабиясы Америка мен өзінің аймақтағы қолдаушыларымен бірге Йемен мен Сирия және Ливандағы жеңілістерін жасырып-жабу үшін Иран мен Хезболлаға қарсы жаңа ойын бастады.